Көкбөрі Керней | Астанада Керней баба ұрпақтарының жиыны өтті
Жаңалықтар

Астанада Керней баба ұрпақтарының жиыны өтті

Астана қаласында Керней баба ұрпақтары бас қосып, 2025 жылдың шілдесінде Ақжал кентінде өтетін астың ұйымдастыру барысын талқылады.

Жиын барысында асты жоғары деңгейде өткізу үшін атқарылуы тиіс жұмыстар, ұйымдастыру комитетінің рөлі, әр өңірден келетін қонақтарды күтіп алу, ұлттық спорттық және мәдени шаралардың мазмұнына қатысты нақты ұсыныстар қаралды.

Қатысушылар баба асы — тек салт-жоралғы емес, ұлт бірлігі мен рухани сабақтастықтың көрінісі екенін атап өтті. Сол себепті бұл шараның мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары, ұйымшылдықпен өтетін ұлт ұлағатына айналуы тиіс деген ортақ ұстанымға келді.

Асты өткізуге жауапты тұлғалар мен демеушілер жайы да пысықталды. Алдағы уақытта өңірлік жиындар жалғасып, барлық құрылымдар нақты іске кірісетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button