Қарағандыда Керней баба асына байланысты ұйымдастыру жиыны өтті

Өткен сенбі, 30 қараша күні Қарағанды қаласында Керней руының аға-бауыр өкілдері жиналып, 2025 жылы берілетін Керней баба асына байланысты маңызды жиын өткізді.
Басқосу Қарағандыдағы «Болашақ» академиясының бас ғимаратындағы акт залында ұйымдастырылды. Бұл орынның өзі символикалық мәнге ие – дәл осы залда 2005 жылы да Керней бабаға арналған асқа қатысты алғашқы жиын өткен еді. Осы ретте оқу орнының залын ұсынған Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры, Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековке рудың атынан зор алғыс айтылды.
Жиын барысында алдағы үлкен астың жоспарлары талқыланып, ұйымдастыру жұмыстары жүйеленді. Қатысушылар дауыс беру арқылы Ақсақалдар алқасын, Ұйымдастыру комитетін, шежіре шығаруға жауапты азаматтарды және әр атадан асты ұйымдастыратын өкілдерді бекітті. Жиналысқа барлығы 73 азамат қатысқан.
2025 жылғы Керней баба асы 26-27 шілде күндері Ақжал кентінің маңындағы «Көкшағыр» алаңында өтетін болып белгіленді. Бұл орын 2005 жылы орнатылған белгі тасқа жақын орналасқан, әрі күре жолдың бойында орналасуы – алыстан келетін ағайын үшін қолайлы. Электр жарығы да тартылған.
«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, баба тойын ойдағыдай өткізу – басты мақсатымыз. Ас – бабалардан мирас болып келе жатқан салиқалы дәстүр. Елдігімізді танытып, ағайын арасындағы береке-бірлікті бекемдеуге жол ашады», – дейді жиынға қатысушылар.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытауда өткен құрылтайда айтқан сөздері де еске алынды:
«Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды… Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады».
Сайланған құрылымдар тізімі:
АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫ:
Әуесбаев Нұрлан, Аймағамбетов Бекет, Мукатаев Зияда, Марал Томпиев, Әбдікеров Рысқали, Шегенов Моряк, Құмарбеков Бақытжан, Боқайтегі Балтабай.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:
- Сармырза: Бейсекеев Наурызбай, Асмагамбетов Кенжебай
- Дау-Қалқаман: Қалкеев Болат
- Дау-Балта: Байженов Ерлан, Нұрланбеков Алтынбек, Жакупов Нурлыбек, Әлішев Санат
- Дау-Түйте: Еділбай Нәкенов, Әбілдин Азамат, Мухатаев Дархан, Әбдіғұлов Саттар, Ибраев Ерғазы
- Шаң: Нөкешов Медет, Айдарханов Темірхан, Сепбосынов Әнет, Сартаев Тілеубек, Оразбеков Сержан, Садыков Кайыргали, Беркимбаев Темирхан, Ергали Ерден Жахайулы
- Балапан: Зекенов Жанат, Айқанбеков Нұрым, Аубакиров Ерболат, Ахметов Бағашар, Алибеков Алімхан
ШЕЖІРЕГЕ ЖАУАПТЫЛАР:
- Сармырза: Алтынбек Ержан
- Дау-Қалқаман: Болат Қалкеев
- Дау-Балта: Аймағамбетов Бекет, Анықбаев Совет, Әділбеков Қанат
- Дау-Түйте: Майбас Төрехан
- Шаң: Смағұлов Аңғар, Досанов Әбілтай, Семсерұлы Абылайхан, Жахметбеков Дулат, Омаров Ұлан, Дүйсенов Ермек
- Балапан: Сәбитов Нұрғазы, Нұржанов Оралхан, Шабденов Бекзат, Ахметов Дәурен
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Майбас Төрехан, Аймағамбетов Бекет, Смағұлов Аңғар
СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР ЖАУАПТЫСЫ:
Қазақша күрес жарысы ҚР Қазақша күрес федерациясының ресми ережесіне сай өтеді. Бас төреші болып ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Искаков Рахат Бекболатұлы сайланды.
Жиын соңында алда өткізілетін мәдени және спорттық шаралар, ас алдында өтетін ұлттық ойындар бойынша да ұсыныстар талқыланды. Осыған орай 2025 жылғы қаңтар айында Ақжал кентінде келесі жиналыс өткізу жоспарланып отыр. Оның нақты уақыты қосымша хабарланатын болады.