Көкбөрі Керней | Қор басшысы Қарағанды облысы әкімінің қабылдауында болды
Жаңалықтар

Қор басшысы Қарағанды облысы әкімінің қабылдауында болды

«Көкбөрі Керней баба» қайырымдылық қорының президенті Ұлан Әбдіханов Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен ресми кездесу өткізіп, алдағы жоспарланған астың жайын талқылады.

Кездесу барысында 2025 жылдың шілде айында өтетін Керней баба асының маңыздылығы, ұйымдастыру барысы және аймақтық деңгейдегі қолдау тетіктері сөз болды.

Айта кетейік, бұл астың ерекшелігі – Қазақстанда жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылының аясында ұйымдастырылып отыр. Осыған байланысты ас жұмысшы кәсібінің алтын діңгегіне айналған Ақжал кентінде өтетін болып бекітілді.

Рухани-мәдени мұра мен еңбек адамының мәртебесін ұштастыра отырып өтетін бұл астың ел бірлігін арттырудағы рөлі ерекше болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button