Көкбөрі Керней | Алматыда Керней баба ұрпақтары бас қосты
Жаңалықтар

Алматыда Керней баба ұрпақтары бас қосты

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде, Алматы қаласында Керней Қаракесек бабаның ұрпақтары бас қосып, игі дәстүр жалғасын тапты.

Бұл ерекше кездесуге Талдықорған, Шу, Шоқпар, Қарағанды және Астана қалаларынан келген ағайындар жиналды. Басқосуды белгілі қоғам белсенділері, ел ағалары Төрехан Майбасов пен Ұлан Әбдіханов ұйымдастырды.

Жиын барысында алдағы болатын астың дайындығы, ұрпақтар арасындағы байланыс, рухани жаңғыру және шежіре жұмыстары жөнінде пікір алмасылды. Осындай кездесулер ру бірлігін бекемдеп, болашаққа бағыт берері сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button