Көкбөрі Керней | Ақжал кентінде Көкбөрі Керней бабаға арналған ас беру рәсімі өтеді
Жаңалықтар

Ақжал кентінде Көкбөрі Керней бабаға арналған ас беру рәсімі өтеді

2025 жылғы 25-26 шілде күндері Ақжал кентінде Көкбөрі Керней бабаға арналған ұлы ас беру рәсімі өтеді. Екі күнге жоспарланған бұл шарада ұлттық дәстүрлер, мәдени мұра, спорт пен бірлік құндылықтары ұштасады.

25 шілде, жұма күні дайындық жұмыстары жүргізіледі. Сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ас беру рәсіміне арналған үйлер тігіліп, ұлттық ойындарға дайындық жасалып, қоғамдық тәртіп пен ұйымдастыру мәселелері пысықталады.

26 шілде, сенбі күні негізгі шаралар өтеді. Таңғы 7:30-да ас беріліп, 8:30-да Шама шоқысында баба рухына Құран бағышталады. 9:00-де ас беру рәсімінің салтанатты ашылуы өтеді.

Күн бойы түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда:

  • 10:00 – 12:00: Арқан тарту, қошқар көтеру, садақ ату сынды ұлттық ойындар
  • 11:00 – 13:00: Қазақ күресі (82 кг дейін, Түйе балуан атағы үшін алдын ала белдесулер)
  • 13:00 – 14:30: Түскі ас
  • 14:30 – 17:00: Қазақ күресінің ақтық белдесулері
  • 17:00 – 19:00: Аламан бәйге (31 шақырым) және Топ бәйге (21 шақырым)
  • 19:00 – 19:30: Жүлдегерлерді марапаттау
  • 19:30-дан бастап: Гала концерт

Ұйымдастырушылар бұл асты – баба рухына тағзым етумен қатар, ұрпақтар сабақтастығы мен ел ішіндегі ынтымақты арттыруға бағытталған рухани әрі тәрбиелік маңызы бар іс-шара ретінде атап отыр.

Ас – тек салт емес, рухтың жаңғыруы, ұлттың ұйысуы.
Ағайынның басын қосатын бұл шара көпшілік үшін тағылымды мерекеге айналмақ.

Көкбөрі Керней | Ақжал кентінде Көкбөрі Керней бабаға арналған ас беру рәсімі өтеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button