Ақжалдағы қорытынды жиында Керней баба асына қатысты нақты шешімдер қабылданды

Ақжал кентінде өткен қорытынды ұйымдастыру жиынында Керней бабадан тарайтын ақсақалдар мен Қор өкілдері бас қосып, 2025 жылдың шілдесінде өтетін үлкен асқа дайындықтың негізгі бағыттарын бекітті. Жиын барысында Қамқоршылық кеңесі бірқатар маңызды шешімдер қабылдады, ал әлеуметтік қолдау мәселелері астан кейін жеке қаралатын болды.
✅ Қабылданған негізгі шешімдер:
- Қазақ күресі 82 келіге дейінгі салмақта өтетін болып бекітілді. Бұған дейін 74 келі шектеуі ұсынылған болатын.
- 82 келіден жоғары салмақта күресетін балуанға Әлімшайқы атамыздың атынан арнайы белбеу мен сыйлық табысталады.
- Құнан бәйге ресми бағдарламаға енгізілді. Осылайша, аламан, тоқ, құнан бәйгелер, садақ ату, қошқар көтеру сынды ұлттық спорт түрлері өткізіледі.
- Көкпар ойыны Қарағанды облысы деңгейінде ұйымдастырылады.
- 25 шілде күні өтетін шаралар бағдарламасына ресми түрде қосылып, 26 шілде – ресми ас күні болып бекітілді.
- Керней баба ескерткішін абаттандыру мақсатында ұңғыма қазылып, күн панельдері орнатылады. Бұл ағаш пен өсімдікті суаруға арналған тұрақты жүйе болады.
- Қонақ күту мәселесі бекітіліп, жауапты адамдар тағайындалмақ. Ішімдікке қатаң тыйым салынып, тазалық пен тәртіп сақталуы міндеттелді.
- Керней ауылынан ақсақалдар шақырылатын болды.
- Қорға жылына 20 000 теңге көлемінде тұрақты жарна төлеу ұсынысы қолдау тапты. Жарналар Kernei.kz ресми сайты арқылы жиналады.
- WhatsApp және әлеуметтік желі чаттарында жалған ақпарат пен негізсіз пікірлерге жол бермеу талабы қойылды.
👥 Волонтерлік көмек:
Керней баба ұрпақтарынан шыққан студенттерден арнайы волонтерлік топ жасақталып, бірыңғай киім үлгісімен жабдықталады. Олар қонақтарды қарсы алып, бағыт-бағдар көрсетумен айналысады.
💰 Шығындар мен жүлде қоры:
Спорттық жабдықтар мен ұйымдастыру шығындары:
- БДМ 2.2 дискілі тырма – 1 414 000 тг + 140 000 тг жеткізу
- Трактор жалдау – 400 000 тг
- Ат бәйгелеріне арналған 150 дана форма
- Күрес алаңына навес – 2 000 000 тг
- Қоқыс жәшіктері – 20 дана
Аламан бәйге (31 км):
- 🥇 1 орын — Автокөлік (Әбдіхановтар әулеті)
- 🥈 2 орын — Нива автокөлігі (Шаң-Сүйіндік ұрпақтары)
- 🥉 3 орын — 2 000 000 тг
- 4 орын — 1 000 000 тг
- 5 орын — Мотоцикл
- 6 орын — 500 000 тг
- 7 орын — 300 000 тг
Тоқ бәйге (21 км):
- 🥇 1 орын — Автокөлік (Түсіпханов Ерлан)
- 🥈 2 орын — 1 000 000 тг
- 🥉 3 орын — Мотоцикл
- 4 орын — 500 000 тг
- 5 орын — 300 000 тг
Құнан бәйге (15 км):
- 🥇 1 орын — Автокөлік (Балта ата ұрпақтары)
- 🥈 2 орын — 1 000 000 тг
- 🥉 3 орын — Мотоцикл
- 4 орын — 500 000 тг
- 5 орын — 300 000 тг
Қазақ күресі – 82 кг дейін:
- 🥇 1 орын — Автокөлік (Қанжановтар әулеті)
- 🥈 2 орын — 1 000 000 тг
- 🥉 3 орын — Мотоцикл
Қазақ күресі – 82 кг жоғары:
- 🥇 1 орын — Автокөлік (Шынкеев Ержан)
- 🥈 2 орын — 2 000 000 тг
- 🥉 3 орын — 1 000 000 тг
🐎 Ұлттық ойындар мен демеушілер:
- Көкпар – 5 000 000 тг | демеуші: «СМК GROUP» құрылыс компаниясы, директор – Жахметов Медет
- Садақ ату – 4 000 000 тг
- «СМК GROUP» – 2 000 000 тг
- ASC Stroy ЖШС – 1 000 000 тг
- Қордан – 1 000 000 тг
- Қошқар көтеру:
- 🥇 1 орын – Қошқар
- 🥈 2 орын – 50 000 тг
- 🥉 3 орын – 30 000 тг
🕌 Қайырымдылық:
Жарылғап батыр ауылы, Ақжал кенті, Жұмыскер ауылы және Ақшатау кентінің мешіттеріне әрқайсысына 500 000 теңгеден қаржы бөлінді.
🌐 Цифрлық бастама:
Kernei.kz сайтының құрылуына 2 000 000 теңге бөлінді. Бұл портал шежіре, жаңалықтар және қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:
Әбілдин А.А., Нөкешев М.О., Садықов К.Б., Зекен Ж.Т., Бейскеев С.Ж., Мұқаш М.Қ.
Қатыса алмағандар: Байженов Е.О., Нұрланбеков А.А., Қаппаров Б.Б.
Баба асының дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Басты мақсат – ұлттың ұйытқысы болған дәстүрлі асты жоғары деңгейде өткізу және келер ұрпаққа тағылым қалдыру.