Көкбөрі Керней | Болат Манабаев дзюдодан Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды
Жаңалықтар

Болат Манабаев дзюдодан Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды

Тайванның Тайпей қаласында дзюдо шеберлері арасындағы алғашқы Дүниежүзілік ойындар өтті. Аталған халықаралық жарыста Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақжал кентінің тұрғыны Болат Манабаев 82 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Әлемнің 4 дүркін чемпионы саналатын Болат Манабаев — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ардагер балуан спорттық жолын шәкірт тәрбиелеумен ұштастырып, қазіргі таңда жаттықтырушылық салада да зор табыстарға жетіп жүр.

Бұл жеңіс — қазақ дзюдосы мен ардагер спортшыларымыздың әлеуетін айқын көрсететін тарихи сәттердің бірі. Болат Манабаевты зор қуанышпен құттықтаймыз!

Көкбөрі Керней | Болат Манабаев дзюдодан Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды Көкбөрі Керней | Болат Манабаев дзюдодан Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды Көкбөрі Керней | Болат Манабаев дзюдодан Дүниежүзілік ойындардың чемпионы атанды

Басқа жаңалықтар

Back to top button