Көкбөрі Керней | Ақжалда Көкбөрі Керней бабаға арналған ұлы ас өтеді
Жаңалықтар

Ақжалда Көкбөрі Керней бабаға арналған ұлы ас өтеді

Көкбөрі Керней | Ақжалда Көкбөрі Керней бабаға арналған ұлы ас өтеді

2025 жылдың 25–26 шілдесі күндері Қарағанды облысы, Ақжал кентінде Көкбөрі Керней бабаға арналған ұрпақтық ұлы ас өтеді. Бұл шара – тек дәстүрлі салт емес, Керней руының бірлігі мен тарихи жадын жаңғыртуға бағытталған үлкен рухани оқиға болмақ.

Ас беру екі күнге жоспарланған.

📅 25 шілде – жұма күні
Күні бойы арнайы үйлер тігіліп, алаң дайындалады. Ұлттық спорт ойындарына әзірлік жасалып, алдын ала көкпар ойыны өтеді. Кешке Керней өнерпаздарының концерті ұйымдастырылады.

📅 26 шілде – сенбі күні
Ас таңғы 7:30-да берілетін таңғы астан басталады. Одан кейін Шама шоқысында баба рухына Құран бағышталады.

Сағат 9:00-де ас берудің салтанатты ашылуы өтеді. Одан кейін күн бойы мәдени және ұлттық спорттық іс-шаралар жалғасады:

🏹 Садақ ату, қошқар көтеру,
🏇 Көкпар (ақтық ойын),
🤼 Қазақ күресі – екі салмақта (82 кг дейін және жоғары),
🏁 Аламан бәйге (31 шақырым), Топ бәйге (21 шқ), Құнан бәйге (15 шқ)

Кешкі 19:00-де барлық жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Ал 19:30-да гала концертпен қорытындыланады.


📌 Ұлы ас – ел бірлігі мен руханияттың айғағы. Керней баба ұрпақтары биылғы асты ел есінде қалатын деңгейде өткізуге білек сыбана кірісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button