Көкбөрі Керней |
Жаңалықтар

«Көкбөрі Керней баба» қоры үздік түлектерге 2,5 млн теңге көлемінде сыйлық сертификаттарын табыстады

Биыл «Көкбөрі Керней баба» қайырымдылық қоры өзінің 20 жылдық мерейтойын ерекше атап өтуде. Осы атаулы дата аясында қор әлеуметтік қолдау бағытындағы маңызды бастамалардың бірін жүзеге асырды.

Қордың негізгі мақсаттарының бірі – дарынды, білімге құштар жастарды қолдап, олардың болашағына жол ашу. Осыған орай, биыл мектеп бітіріп отырған 25 озат түлекке арнайы сыйлық – 100 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды. Жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын бұл қолдау:

  • Ақшатау,
  • Жарылғап,
  • Жұмыскер ауылдары,
  • Ақжал, Төменгі Қайрақты, Ақадыр және Ақсу-Аюлы кенттерінің
    үздік түлектеріне арналды.

Көкбөрі Керней |

Қор бұл бастаманы жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.

«Келешек – білімді ұрпақтың қолында. Біздің мақсат – жастарға сенім сыйлау, қолдау көрсету», – дейді Қор өкілдері.

Көкбөрі Керней |

Басқа жаңалықтар

Back to top button