Жаңалықтар
Қуат Әбдіхановқа экономикалық тергеу қызметінің генерал-майоры атағы берілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ сыныптық Әділет шендерін беру туралы Жарлыққа қол қойды. Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуат Аманбекұлы Әбдіхановқа — Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысына экономикалық тергеу қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы берілді.
Бұл жоғары атақ — ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ұзақ жылғы еңбектің, кәсіби шеберлік пен адал қызметтің көрсеткіші.