Көкбөрі Керней | Қонақ кітабы

Қонақ кітабы

Қош келдіңіз, құрметті ағайын!
Бұл бөлім — Керней баба ұрпақтарының жүрекжарды лебіздері мен ұсыныстарын жазатын ашық алаң.
Тілегіңізді, пікіріңізді, естелігіңізді қалдырып, осы сайттың дамуына, рухани байланысымыздың нығаюына үлес қосыңыз.

62 пікір

  1. Ассалаумағалейкум, ағайын!

    Арғын — Қаракесек — Керней руы бойынша ізденіс жасап жүрмін.

    Отбасылық шежіре деректеріне қарағанда, біздің ата-бабалар Ақшоқы жерінде, Қарқаралыға жақын маңда тұрған. Сонымен қатар, арғы аталарымыздың арасында болыс болған кісілер де болған деген мәлімет бар.

    Сұрайын дегенім:

    Осы топта Ақшоқыдан шыққан азаматтар бар ма?
    Ақшоқы, Қарқаралыға жақын өңірдегі Керней елін білетіндер бар ма?
    Үсенбай болыс, оның ұрпақтары немесе сол әулет жайлы естігендер бар ма?
    Сол өңірдің көнекөз қарияларын, шежіре білетін адамдарын танитындар болса, хабарлассаңыздар.

    Кез келген мәліметке қуанышты боламын. Алдын ала рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button