Жаңалықтар
Ақадыр кентінде жүгіруден «AQADYR TRAIL RUN» атты ашық марафон өтті

12 шілдеде Қарағанды облысына қарасты Ақадыр кентінде жүгіруден «AQADYR TRAIL RUN» атты ашық марафон өтті.
Ауқымды жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен 9 команда қатысты. Атап айтқанда:
- Алматы қаласы – SN Running club,
- Ақмола облысы – Burabai Running club,
- Қостанай облысы,
- Павлодар қаласы,
- Қарағанды қаласы,
- Балқаш қаласы,
- Buketov running club,
- Шахтинск қаласы,
- Ақадыр кенті спортшылары.
20 шақырымдық АБС бағыты бойынша мәреге бірінші болып жеткен Сексенбай Нұрспек (Алматы қ.) марафон жеңімпазы атанды. Ол «Көкбөрі Керней баба» қайырымдылық қоры атынан 200 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.
Жарысты ұйымдастыруға Рахат Искаков пен Жақсылкелді Игитаев белсенді атсалысты.
«АQADYR TRAIL RUN» марафоны өңірде бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған маңызды шараға айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы жылдары дәстүрлі түрде жалғасады.