Қор туралы
«Көкбөрі Керней баба» қайырымдылық қоры — Керней руының бірлігі мен рухани жаңғыруына қызмет ететін қоғамдық ұйым. Қор 2003 жылы құрылған және содан бері ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, тарих пен шежірені жүйелеуге, ағайын арасына береке мен рухани байланыс орнатуға бағытталған жұмыстар атқарып келеді.
Қордың құрылу тарихы
2003 жылғы 5 қыркүйекте Ақадыр кентінде Керней руының алғашқы құрылтайы өтті. Бұл жиынға Алматы, Астана, Қарағанды, Балқаш, Шет, Шу, Ақжал, Ақшатау және басқа да өңірлерден ру өкілдері жиналды.
Құрылтайда «Көкбөрі Керней баба» қоры ресми түрде құрылып, оның Құрметті Президенті ретінде белгілі ғалым, ҚарМУ ректоры Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев сайланды.
Жамбыл Ақылбаевтан кейін Қор жұмысын Әбдіров Мәжит Аманқұлұлы, Игенұлы Балтабай Боқайтегі, Төрехан Әкімжанұлы Майбас басқарды.
2024 жылдан бастап құрылтайшылардың бірлескен шешімімен Ұлан Аманбекұлы Әбдіханов қордың жаңа президенті болып сайланды.
Басқару құрылымына түрлі жауапты бағыттағы топтар бекітіліп, шежіре, ұйымдастыру, тексеру, тіркеу, ас өткізу сынды міндеттер нақты бөлінді.
Қор қызметінің бағыттары
- Керней руының тарихи деректерін, шежіресін жинақтау және жариялау
- Ұрпақтар арасындағы байланысты күшейту, құрылтайлар мен басқосулар өткізу
- Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру
- Қайырымдылық және қоғамдық жобалар арқылы ру намысын ұлықтау
- Керней баба есімін ұрпақ санасында жаңғырту
Басшылық
Содан бері қор жұмысын бірнеше тұлға басқарды.
2024 жылдан бастап құрылтайшылардың бірлескен шешімімен Ұлан Аманбекұлы Әбдіханов қордың жаңа президенті болып сайланды.
2025 жылғы үлкен ас
Қордың бастамасымен 2025 жылғы 25–26 шілде күндері Ақжал кентінің «Көкшағыр» алаңында Керней бабаға арналған үлкен ас өткізу жоспарланған. Бұл – тек салт емес, елдік пен ынтымақтың көрінісі болмақ.
Қордың реквизиттері
Ұйымның атауы: ОБФ «Көкбөрі Керней баба»
БИН: 031140015742
Банк: АО «ForteBank»
БИК: IRTYKZKA
ИИК: KZ6396503F0014942871