Көкбөрі Керней | Басты бет

Көкбөрі Керней | Басты бет

Көкбөрі Керней руы сайтына қош келдіңіз!

 

 

Көкбөрі Керней баба асы

Алғысөз

Көкбөрі Керней | Басты бетҚұрметті ағайын, ардақты Керней ұрпақтары!

Ата-бабамыздан аманат болған асыл мұраны — ұрпақтар сабақтастығын, шежіремізді, тарихымызды, дәстүрімізді сақтау – баршамыздың қасиетті борышымыз.

Біз бүгін «Көкбөрі Керней баба» қорының бастамасымен, заманауи талаптарға сай, халқымыздың рухани байлығын ұлықтайтын, бүкіл Керней руын біріктіретін ақпараттық-мультимедиалық сайтты назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл – жай ғана сайт емес, бұл – ұрпақтар арасындағы көпір, ұлт жадының сандық архиві.

Сайтта ру шежіресі, тарихы, танымал тұлғалар, фото-видео материалдар, жаңалықтар және қор жұмыстары қамтылады. Жаңадан қосылған онлайн шежіре, кітаптар бөлімі, балалар мен жастарға арналған контент – барлығы келешек ұрпаққа рух беріп, ата тегін тануға сеп болады деп сенемін.

Бұл игі істі жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматтарға шексіз алғысымды білдіремін. Алда әлі де бірге жасайтын жұмыстарымыз көп. Бірлігіміз бекем, тұғырымыз берік болсын!

Ізгі ниетпен,
«Көкбөрі Керней баба» қорының Президенті
Ұлан Аманбекұлы Әбдіханов

Керней баба

Көкбөрі Керней | Басты бетКЕРНЕЙ – 1619 қой жылы дүниеге келген.

Салқам Жәңгір хан тұсында «Қалмақ қырған» шайқасының қаһарманы ретінде әйгілі болған. Әз-Тәуке ханның заманында ел ағасы, халықтың данагөй қарты атанған тарихи тұлға. Бар ғұмырын елін жаудан қорғап, ат үстінде өткізген халық батыры.

1702 жылы 83 жасында Шұнақ тауының шығысындағы Ақдала жазығында қалмақтармен болған ұрыста жараланып, уланған мерген оғынан ажал құшады.

Жаңалықтар

Керней руы

Көкбөрі Керней | Басты бет

Back to top button